Жалпы мәлімет

«Отан тарихы» ғылыми журналы 1998 жылдан шығарылады.

Журнал ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде 09.03.98 ж. тіркелген. Тіркеу куәлігі: № 158-ж 09.03.98 ж.

«Отан тарихы» журналының құрылтайшысы және баспагері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Жазылу индексі: 75642

«Отан тарихы» ғылыми журналы Сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі ISSN Халықаралық орталығында (Париж қ., Франция) тіркелген. ISSN: 1814-6961

«Отан тарихы» журналы мен жарияланған мақалаларға DOI объектісінің сандық сәйкестендіргіші беріледі (баспа префиксі: DOI.10.51943)

«Отан тарихы» журналы РҒДИ-да (РИНЦ – Российский индекс цитирования) тіркелген. Барлық мақалалар РҒДИ-да индекстеледі және ELIBRARY.RU сайтында РҒДИ (РИНЦ) ғылыми электрондық кітапханасында ашық түрде PDF форматында орналастырылады.

Журналды шығару мерзімділігі – жылына төрт рет (тоқсанда бір рет).

«Отан тарихы» журналының сайтына сілтеме: https://otan.history.iie.kz

Мақалалардың түпнұсқалығын тексеру «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесі арқылы, компаниямен келісімшарт негізінде жасалады.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Бас редактор

Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы

Жауапты редактор

Құдайбергенова Айжамал Ибрагимқызы

Журналдың миссиясы – отандық тарих (Қазақстан тарихы) және дүниежүзілік тарихы, сондай-ақ тарих ғылымының басқа да бағыттары бойынша бірегей ғылыми мақалалар, шолулар мен рецензиялар жариялау, ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыру және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

0

Publication author

offline 1 ай

admin

0
Comments: 0Publics: 14Registration: 05-09-2019

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Captcha loading...