ҒТАХР 930.1 ДАЛАЛЫҚ ФОЛЬКЛОР ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОРТАЗИЯЛЫҚ ХАНДЫҚТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕГІ РЕТІНДЕ

Хайрулдаева Айсұлу Мәтқасымқызы1*
Ермекбаев Әділбек Алпысбайұлы²

iD https://orcid.org/0000-0002-8464-8220
Кенжебекова Арайлым Серікқызы³
1Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ., Қазақстан
2әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Аламты қ., Қазақстан
DOI: 10.51943/1814-6961_2021_1_28
Түйіндеме. Мақалада қазақтардың 18-19 ғасырлардағы Орталықазиялық хандықтармен қарым-қатынастарының тарихы сол кезеңдегі халық ауыз әдебиетінің шығармалары мәліметтерін зерттеу бойынша қарастырылған. Мақалада Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1763), Жанкісі жырау (XIX ғ.басы), Дулат Бабатайұлы (1802-1871), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) және Кердері Әубәкір Шоқанұлы (1861-1905) шығармаларындағы тарихи оқиғалар талданады. Қазақ авторларының «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Жанкожа батырдың толғауы», «Әуелгі қазақ деген жұрт», «Өткен иманшылық заманды жоқтап айтқаны» сияқты шығармаларын деректанулық талдау негізінде Қазақ даласының Хиуа, Қоқан хандықтарымен және Бұқара әмірлігімен қатынастарының кезеңдері
қарастырылады.
Кілт сөздер: Далалық фольклор, қарым-қатынастар тарихы, қазақтар, Орталық азиялық хандықтар, жырау, жыр, арнау, толғау

*Автор-корреспондент, E-mail: aisulu_01.81@mail.ru (Хайрулдаева А.М.), adilbekea@gmail.com (Ермекбаев Ә.А.), kenjebekova_a@mail.ru (Кенжебекова А.С.)
Қалай келтіруге болады:
Хайрулдаева А.М., Ермекбаев Ә.А., Кенжебекова А.С. Далалық фольклор қазақтардың ортазиялық хандықтармен қарым-қатынастары тарихының дерегі ретінде // Отан тарихы. 2021. №1 (93). Б. 28-39.

Pdf: https://infohistory.info/wp-content/uploads/2021/05/Хайрулдаева-А.М.-Ермекбаев-А.А.-Кенжебекова-А.С..pdf