АВТОРЛАРҒА

«Отан тарихы» ғылыми журналының редакциясы бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық зерттемелерді, қорытындыларды, ұсыныстарды қамтитын; немесе жалпы тақырыппен байланысты бұрын жарияланған ғылыми мақалаларды қайта қарауға арналған (жүйелі шолу) ғылыми мақалалардың авторлық қолжазбаларын басып шығаруға қабылдайды.

Ғылыми мақала журналдың мақсатына және тақырыптық бағытына сәйкес келуі керек.

Барлық мақалалар ашық қол жетімді, редакция мен автордың алдын-ала рұқсатынсыз оқуға болады. Журнал материалдарын коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.