ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында 1998 жылдан бастап «Отан тарихы» – «Отечественная история» – «History of the Homeland» ғылыми-теориялық журналы шығарылады, ол теориялық, тәжірибелік және практикалық сипаты бар жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялайды. Ғылыми жұртшылықты әлемдік тарихнамалық үдерістегі жаңалықтармен таныстырады, жаңа үрдістерді қолдауға және қазақстандық гуманитарлық зерттеулердің инновациялық бағыттарын, жас ғалымдардың бастамаларын дамытуға, ғылыми шешімдер мен ғылымдағы тұжырымдамалық тәсілдердің бейнеленуіне бағытталған.

Журналда мақалалар жариялау Қазақстан мен көршілес елдер тарихының, деректанудың, тарихнамасының, археологиясының, этнологиясының, антропологиясының, мәдениетінің өзекті проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы жұмыстарды қамтиды.

Журналды шығару мерзімділігі – жылына төрт рет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.

Журнал Ресейлік және шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұжымдармен, білім және ғылым мекемелерімен ынтымақтастық үшін ашық.