Авторлар назарына!

Құрметті авторлар!

ҚР БҒМ БҒСБҚК талаптарына сәйкес ғылыми мақалада төмендегі мәселелер қамтылуы керек:

1. Мәселені баяндау және оны зерттеудің өзектілігін анықтау;

2. Осы мақалада көтерілген жалпы мәселенің бұрын шешілмеген бөліктерін көрсете отырып, соңғы зерттеулер мен жарияланымдарды талдау;

3. Зерттеудің теориялық негіздері, әдіснамасы және эмпирикалық базасының сипаттамалары;

4. Өз қорытындыларын және ғылыми зерттеудің аралық немесе қорытынды нәтижелерін баяндау;

5. Зерттеу нәтижелерін пайдаланудың қорытындылары мен мүмкіндіктері

Журналдың e-mail поштасына немесе редакторлардың e-mail-не жіберілген мақалалар қолжазбалары қабылданбайды.

Мақала автор профиліндегі журнал сайтының интерфейсі арқылы жүктеліп, ТЕК онлайн режимінде беріледі. Ол үшін авторлар журнал сайтында өз профилін тіркіп, «чаттар» бөлімінде талаптарға сәйкес рәсімделген мақаланы электрондық форматта (doc, docx, rtf форматтарында) жүктеуі қажет.

Редакцияға келіп түскеннен кейін мақала журналдың бағытына, техникалық рәсімдеу бойынша талапқа сәйкестігіне, плагиатқа қарсы тексеруден және екі рет соқыр рецензиялау рәсімінен өтеді.

Ғылыми мақаланың бірегейлігі плагиатқа қарсы «strikeplagiarism» жүйесінде, оның ішінде халықаралық деректер базасында алдын ала тексеру арқылы анықталады (жұмыстың бірегейлігі кемінде 75% болуы керек). Осы көрсеткіштен аса алмаған мақалалар авторға қайта қарау үшін қайтарылады. Редакцияға келіп түскен сәттен бастап, ескертулерді түзетуге жіберіліп,қайтадан келгеннен кейін жұмыс антиплагиаттан екі реттен артық тексерілмейді. Қайта тексеру кезінде плагиат және ғылыми этиканың басқа да бұзушылықтары анықталған жағдайда мақала тиісті жазбаша анықтамасымен бірге авторға жіберіліп, жұмыс жарияланымға жіберілмейді.

Қанағаттанарлық нәтиже болған жағдайда ғана (75% бірегейлік және одан жоғары) мақалалар рецензиялауға беріледі. Рецензиялау және техникалық тексеру нәтижелері бойынша мақала қабылданбауы немесе авторларға пысықтауға жіберілуі немесе жариялауға қабылдануы мүмкін.

Оң рецензия алған кезде редакция авторларға мақаланы жариялауға қабылдағаны туралы, сондай-ақ рецензенттер мен редакторлардың ескертулерін хабарлайды, оларға сәйкес мақаланы түзетіп, толықтыру қажеттігі ескертіледі. Мақаланы жариялаудан бас тартқан жағдайда редакция авторға тиісті дәлелдерді келтіреді.

Мақалаларды кері қайтарып алу немесе түзету плагиатқа, рецензиялау барысында, компьютерлік беттеу кезінде журналдың сайтындағы автордың профилінде онлайн сұрату арқылы мүмкіндігі бар. Мақалада жарияланған мәліметтерге түзетулер, кешірім сұраулар, теріске шығаруларды жариялау редакция автордың сұрау салуы бойынша журналдың кейінгі нөмірлерінде, әрбір жағдай жеке тәртіппен қаралғаннан кейін жүзеге асырады.

Редакция әр мақалаға DOI (Digital Object Identifier) – құжаттың сандық сәйкестендіргішін тіркейді. DOI сілтемесі әрқашан қажетті құжатты тіпті егер ол бұрын болған сайт кейінірек өзгертілген жағдайда да табуға көмектеседі.

Авторлар келтірілген фактілерді, дәйексөздерді, статистикалық, әлеуметтік және басқа да деректерді, жеке және географиялық атауларды, басқа да мәліметтерді таңдауға және олардың дұрыстығына жауап береді.

Редакция редакциялық түзету енгізу құқығын өзіне қалдырады. Редакция материалдарды автордың көзқарасымен келіспей жариялай алады (пікірталас мақсатымен). Редакция қолжазбаны жариялау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Мақалалар мен нөмірлердің электрондық нұсқалары журнал сайтында орналастырылады. Журналдың баспа нұсқасы тек алдын ала жазылу арқылы таратылады. Жазылу индексі: 75642.

Егер автор мақаласы жарияланған журнал басылымының баспа нөмірін алғысыз келсе, редакторға алдын ала хабарласуы қажет.