ЖАРИЯЛАНЫМДАР ЭТИКАСЫ

Журналдың редакциялық этикасы ғылыми мерзімді басылымдар шығарушыларының әлемдік қоғамдастығы қолдайтын этикалық қағидаттарға, Қазақстан Республикасының Авторлық құқық туралы заңнамасының талаптарына және жариялау этикасы жөніндегі комитет – Committee on Publication Ethics (COPE) әзірлеген ұстанымдарға негізделген.

Редакцияның негізгі жұмыс тәртібі:

  •  мақаланы жариялау үшін іріктеудегі объективтілік және бейтараптық;
  • ғылыми-зерттеу сапасына жоғары талаптар;
  • мақалаларды жариялау туралы шешім қабылдаудағы алқалылықты айқындау;
  • авторлармен қарым-қатынаста қол жетімділік пен тиімділік;
  • авторлық және сабақтас құқықтарды қатаң сақтау;
  • журналды шығару кестесін қатаң сақтау.

Редакция түрлі құқық бұзушылықтарды (плагиат, манипуляция, бұрмалау) қолдамайды және оларға үзілді-кесілді қарсы. Ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру мақсатында редакция авторларға көрінеу жалған ақпаратты, жалған деректерді, плагиатты, сондай-ақ ғылыми жетістіктердің қоғамдық ортасын объективті тануға кедергі келтіретін ғылыми этикаға қарама-қайшы жұмыстарды жариялаудан сақ болуды ескертеді.

Жариялау процесінің барлық қатысушылары, атап айтқанда, әрбір автор, ғылыми редактор, рецензент, жауапты хатшы, «Отан тарихы» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшелері жарияланым этикасының қағидаттарын, нормалары мен стандарттарын сөзсіз ұстануға міндетті.

Материалдарды қабылдаудан бас тартудың негізі себептеріне плагиат, ғылыми журналдың бағытына сәйкес келмеуі және теріс рецензия болып табылады. Мақаланы рәсімдеуге қойылатын негізгі техникалық талаптарға сәйкес келмейтін материалдар, сондай-ақ жала жабу, әріптестеріне тіл тигізу және авторлық құқық нормаларын бұзу секілді көріністері бар материалдар қабылданбайды.

Мақаланың түпнұсқалығы «strikeplagiarism» плагиатқа қарсы жүйесінде тексеріледі. Жариялауға ұсынылатын ғылыми мақалалар мәтінінің түпнұсқалығы кемінде 75%-ды құрауы тиіс.

Мақала түпнұсқалық нормасына сәйкес келмеген жағдайда тексеріс қорытындысымен бірге авторға жөндеуге жіберіледі. Егер өзгертулер енгізілгеннен кейін де жұмыс түпнұсқалық талаптарына сәйкес келмесе, редакциялық кеңес оны жарияламау жөнінде шешім қабылдайды.

Редакция мүшелері «Отан тарихы» журналы нөмірінің контентін қалыптастыруда тең дәрежеде қатысады.