ЖУРНАЛ САЯСАТЫ

Журналдың редакциялық саясаты қазақстандық және дүниежүзілік тарихты, этнология мен археологияны зерттеудің отандық және шетелдік озық тәжірибесін белсенді пайдалану мен насихаттауға, онымен мамандарды және барлық мүдделі оқырмандарды таныстыруға, зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Редакция журнал беттеріндегі пәнаралық зерттеулер мен академиялық пікірталастарды құптайды, оны әртүрлі көзқарастарды, дүниетанымдық тұжырымдамаларды, отандық және дүниежүзілік тарих проблемаларын шешудің әдіснамалық тәсілдерін таныстыру алаңы ретінде қарастырады.

Мақаланы жариялау туралы шешім рецензенттер мен сарапшылардың, жетекші ғалымдардың мақалаға қатысты тақырыптың маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, бірегейлігі мен өзектілігі туралы пікірлері негізінде қабылданады.

Журналдың мақсаты мен міндеттері

Журналдың мақсаты –теориялық, эксперименттік және практикалық сипаты бар, отандық (Қазақстан тарихы) және дүниежүзілік тарихты зерделеуге үлес қосатын тарих ғылымы саласындағы өзекті жаңа ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялау.

Міндеттері:

Журнал ғылыми жұртшылықты әлемдік тарихнамалық үдерістегі жаңалықтармен және жетістіктермен таныстырады, жаңа үрдістерді қолдауға және қазақстандық гуманитарлық зерттеулерінің инновациялық бағыттарын, жас ғалымдардың бастамаларын дамытуға, ғылымдағы ғылыми шешімдер мен тұжырымдамалық көзқарастарды көрсетуге бағытталған.

Журналда жарияланатын мақалалар Қазақстан мен шет елдер тарихының, деректануының, тарихнамасының, археологиясының, этнологиясының, антропологиясының, мәдениетінің өзекті проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми жұмыстарды қамтиды.

Төмендегідей тарих ғылымының тақырыптық бағыттары бойынша журналда мақалалар жарияланады:

– Дүниежүзі тарихы

Отандық тарих;

Деректану және тарихнама;

Этнология, археология және мұражайтану;

– Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен теориясы

Ғылыми өмір;

Мерейтой;

Рецензия

Журнал қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұжымдармен, білім және ғылым мекемелерімен ынтымақтастық үшін ашық.

Архив және ғылыми мақалалардың қол жетімділігі: жарияланған мақалалар журналдың веб-сайтында «Архив» бөлімінде орналастырылады. «Отан тарихы» журналының мазмұны ашық түрде қолжетімді және пайдаланушылар мен ұйымдар үшін тегін ұсынылады. Пайдаланушыларға редакцияның немесе автордың алдын-ала рұқсатынсыз құжаттардың толық мәтіндерін оқуға, жүктеуге, таратуға, көшіруге, басып шығаруға, іздеуге немесе сілтеме жасауға рұқсат етіледі.

Журналға сілтеме беру міндетті!«Отан тарихы» журналының редакциялық саясаты редакциялық алқа отырысында толықтырылып, қайта бекітілді (08.01.2021 ж. №1 хаттама).